16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған қалалық іс шаралар туралы
Астана қаласының № 23 орта мектебі КММ – де Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні» атты қалалық семинар шеруіне
«Тәуелсіздік таңы» айдарымен 30 қарашада тәрбие жұмысы бойынша бірқатар іс-шаралар өтті. Семинармен қоса «Тәуелсіздікпен таңым атты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылды. Біз кітапхананың иелігіндегі қордан тақырыпқа байланысты кітаптарды, материалдарды келушілердің назарына ұсынуға тырыстық. Олар - еліміздің мемлекет болып нығаюы кезеңімен, еліміздің тарихымен, Қазақстан халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты кітаптар. Көрменің негізгі идеясы - қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Аталған көрмеде еліміздің кешегі мен бүгінгі жарқын келбеті салыстырмалы түрде көркем фотосуреттермен берілген.
Қалалық семинарға 30ға жуық қала мектептері шақырылды. Келген қонақтарға мектеп мұғалімдері мен оқушыларымыз өте кең, өте қызықты іс шара көрсете білді. Белгіленген жоспар бойынша барлық сабақтар жақсы дәрежеде өткізілді.
№ |
Іс шара |
Өткізу тілі |
Уақыты
|
Жауапты |
08.00-09.00 |
Қонақтарды күтіп алу |
|
|
Альмаханова Г.С. |
09.00- 09.35
|
«Моя страна, мой Президент»
|
Орыс тілінде |
14 кабинет |
Сатыбаева С.Н.
|
09.00 -09.45 |
«25 жыл Тәуелсізігім – Елбасыммен бірге»
|
Қазақ тілінде |
АКТ залы |
Косанова А.У. |
09.45 -10.30 |
«Роль и место Казахстана в мировом сообществе» |
Орыс тілінде |
18 кабинет |
Смагулова З.А. |
09.45-10.30 |
«Папа, мама и я – спортивная семья»
|
Орыс,қазақ тілінде |
Спорт зал |
Ағабеков К.Т. |
10.30 -11.30 |
«Тәуелсіздік таңы» музыкалық-әдеби кеш |
Қазақ тілінде |
АКТ залы |
Сауранбаева Г.А. Шаймерденова А.К. Сармекенова А.Д. Мусабекова Р.М. |
«Моя страна, мой Президент» атты сынып сағаты 8 «А» сыныбымен өткізген сынып жетекшісі Сатыбаева С.Н. Сабақ Тәуелсіздік алған жылдардың әр жылына тоқсталып, оқушылар келген қонақтарға өз білімері мен өнерлерін көрсете білді. А.У.Қосанова мектеп АКТ залында 4 «Ә» сынып оқушыларымен «25 жыл Тәуелсізігім – Елбасыммен бірге» атты сыныптан тыс іс шара көрсетті.
Ісшара керемет өтті. Елбасымен бірге алғашқы күндерге, одан кейінгі белең алған жыл сайынғы өзгекрістерге тоқталды. Оқушылар соңында «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады. 10 сынып оқушыларымен сабақтан тыс іс шараны тарих пәні мұғалімі З.А.Смагулова өткізді.
Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылар өздерінің үш тілді де жетік меңгергендерін көрсете білді.
Тәуелсіз еліміздің басты міндеттерінің бірі – саламатты өмір салтын ұстану болып табылады. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі К.Т.Ағабеков 3 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге көңілді эстафета өткізді.
Мерекелік іс шара соңын 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік таңы» атты музыкалық-әдеби кеш ұйымдастырылды. «Қайраттың ақтық сөзі» атты көрініс қойылып, желтоқсан қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің қайсар да, батыр келбетін көрсетіп, оның соңғы сөзін көрермендерге шынайы жеткізген Абдыкадиров Уралбек болды. Оқушылар өнерлерін керемет көрсете білді. Қайраттың бастан өткен жағдайларын қонақтарға дәлме дәл жеткізе білді. Келген қонақтар сезімге берілгені сонша көздеріне жас алды.
Шараға арнайы шақырылған қонақтар: «Сандаған ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманы орындалған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеште жалындаған, патриот жастарды көріп риза болып отырмыз. Қалам ұстап Абайдың, Жамбылдың жолын қуған жас ақындардың талаптары оңға бассын. Сендердей жүрегі ел, Отан деп соққан жастар барда еліміз дамып, қарыштай беретініне сенемін. Келешек сендердің қолдарыңда! Сондықтан ел үшін аянбай еңбек етіңдер, біз сіздердің жетістіктеріңізді көріп марқайып, төбеміз көкке жетіп, батамызды беріп жүре берейік. Егеменді еліміз жасай берсін!» деген жүрекжаржы лебіздерін білдірді.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! Деген тілекпен шараны аяқтап, қатысқан барлық оқушыларға оқуларына толағай тілек тіледі.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"