Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған іс - шараға анықтама

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясы
«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған
іс - шараға анықтама


Аталған мектепте «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық аптаға арналған іс – шараға жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сәйкес 1 – 4 сыныптарда «Ынтымақты отбасы» атты тәрбие сағаттары өтті, тәрбие сағатының басты мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту болды.



Сонымен қатар қазақ сыныптарында «Мен және менің отбасым» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Ашық сабақтардың басты мақсаты бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Отбасындағы қарым – қатынас жүйесін білу, өзгерту, түзету, жәке тұлғаны қоғаммен байланыстыра тәрбиелеу.






«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық жоба аясында отбасылық тәрбие құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Жеке адамның бойындағы ар – ұяты, ақыл – ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта екенін түсіндіру мақсатында 1-10 сыныптар арасында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты сурет сайысы өтті.
Бұл сайыс қорытындысы бойынша І; ІІ; ІІІ орын тағайындалып, жеңімпаздар марапатталды.



Мектептің дене шынықтыру пән мұғалімдері мен бастауыш мұғалімдері ұйымдастыруымен «Әкем, шешем және мен» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты:Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.





Дайындаған: Джорабаева Р.Қ.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"