«Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу мен оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында қалалық семинар
2016-2017 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптарға енгізілді.
Астана қаласының №69 мектеп-гимназиядсында 18 қараша күні «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу мен оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында қалалық семинар өтті. 2015-2016 оқу жылы функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жаңартылған білім мазмұны бойынша Республикадағы 30 қанатқақты мектептің бірі ретінде сынақты табысты өткізген мектепте, биылғы оқу жылында 2 сынып оқу бағдарламасы сынықтан өткізілуде.
Мектеп-гимназия директоры К.К.Жунусова МЖБС-ы пилоттық енгізу жаңартылған білім мазмұнын апробациялау процесін нәтижелі жүргізіп, жаңа жағдайда білім беру процесінің сапасын бағалауға мүмкіндік бергеніне тоқталып, пилоттық сыныптардағы атқарылған жұмыстар туралы толық баяндап өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің бейінді –эксперименталды жөніндегі орынбасары Ж.О.Ерниязова, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері С.Е.Ултанбаева, Т.К. Нусербаев мектеппен бірлескен жұмыстар туралы баяндап, семинарға қатысқан мұғалімдермен жаңартылған білім мазмұны жөнінде пікір алмасты.
Семинарға қала мектептерінен 200-ге тарта мұғалімдер қатысып әріптестерінің іс-тәжірибесімен танысты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии