Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жұлдыздар шеруі

Астана қаласы № 23 орта мектебінің вокалдық ансамблі (кіші топ) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және № 1 Балалар музыка мектебінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық «Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы» атты ән байқауында І жүлделі орынды иеленді.  Ал жуырда Астана қаласы Білім басқармасы және Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы бірлесіп өткізген «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығы» жобасында «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері ырғағымен» номинациясы  бойынша  І-орынды мектебіміздің 5 сынып оқушысы Жекей Жанна жеңіп алды.  Аталған екі байқауға оқушыларды дайындаған музыка пәні мұғалімі Мұсабекова Роза Мәденқызы.  5-сыныптың тағы бір талантты өнерпазы Карменова Аружан  (жетекшісі Бекенова Манзура Кеңесқызы) Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Абыз домбыра» атты ІІІ-қалалық  күйшілер мен ән-термешілер байқауында домбырамен ән орындау жанры бойынша І -орын иегері атанды. Мұндай нәтиже кездейсоқ өзінен өзі келмейді, оған  мақсатты  және нәтижеге бағытталған көп жылғы еңбектің арқасында ғана қол жеткізуге болады.    

Мектебіміз астананың өндірістік аймағында орналасқан жартыжылдық тарихы бар ескі мектеп. Мұнда арнай жабдықталған музыка кабинеті, мерекелік іс-шаралар өткізетін арнайы сахнасы бар акт (мәжіліс) залы жоқ. Төңірегінде бір де бір  балаларды дамыту орталығы, спорт клубтары да  жоқ. Бұл жерден қалаға қатынайтын жалғыз № 24 бағыттағы автобуспен оқушылар мектептен тыс бос уақыттарында ешқандай үйірме, секцияларға барып келуге үлгермейді. Сондықтан  оқушылар бос уақыттарын, қызығушылықтарына қарай,   мектепішілік пән үйірмелеріне, көркемөнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларына қатысып, пайдалы өткізуге тырысады.  

 Балаларға ән таңдап ұсыну, репертуарды жаңартып отыру, жаңа әндерді жаттатып айтқызу, орындау мәнерлерін, сахналық мәдениет, жүріс-тұрыс, қимыл-қозғалыстарды бүге-шігесіне дейін үйрету, әр әннің мазмұнына сәйкес сахна киімдерін ата-аналармен ақылдасып дайындау – осының бәрі осы мектепте 20 жылдан бері тұрақты еңбек етіп келе жатқан жоғарғы санатты музыка пәні мұғалімі Роза Мәденқызының үйреншікті ісіне айналған. «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Өйткені жер бетінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ»- деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған ұлағатты ұстаз Роза Мәденқызына мектеп ұжымы атынан зор денсаулық, шығармашылық толағай табыс тілеймін!

Қабланбекова Ботакөз Ахметбекқызы, 
директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"