Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тәуелсіздік – қазағымның арманы!

Оқушыларға тәуелсіздік туралы түсіндіру, Қазақстан Республикасының басты құндылықтарын таныстыру, отаншылдық сезімдерін ояту, жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 2 «А» сынып жетекшісі - Әбіш Гаухар «Тәуелсіздік-қазағымның арманы!» сағатын өткізді.  «Ел таныған Елбасы» тақырыбындағы слайдтар, бейнебаян «Қазақстан-ол біз» үнпарағы ерекше жасалған. Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысты. Тәуелсіздіктің қасиетті ұғым екенін оқушылар өздері орындаған күй, жыр, ән арқылы жеткізді. Тәуелсіздіктің еңсесін тіктеп, тұғырын биіктететін ұрпақтарымызды көріп қуандық. Оқушылар музыка пәні мұғалімі Дәулеткерей Аблахатұлының авторлық шығармаларын орындады. Сынып жетекші Әбіш Гаухар өзі де осы Тәуелсіздікке арнап жыр шығарған екен, ол да қуантты. Тәрбие сағатына директордың оқу-тәрбие бойынша орынбасарлары Әбдікерімова Нұрхан Саветқызы, Кажуева Айсұлу қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Мара Жамбылқызы ата-аналар мен оқушыларға өз тілегін арнады. Бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақтап, қадір тұта берсе екен!






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"