Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!
Астана қаласы №48 мектеп-лицейде Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында 1-11 сынып оқушыларымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Онда жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін, сонымен қатар елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбеті туралы айтылды. Елбасы туралы деректі фильмдер көрсетілді. Балалар Елбасына өз тілектерін арнады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии