Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тәуелсіз елім-мәңгі жасай бер!»атты мәнерлеп оқу сайысы

     26 қараша күні сағат 10:00-де №74 гимназия мектебінде мектепішілік бастауыш сынып оқушылар арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім-мәңгі жасай бер!»атты  мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.

          Сайыс өте қызықты, өз дәрежесінде өтті. Оқушылардың Отанға деген ыстық сезімдері,әрбір сөз мәнерінен байқалып тұрды. Бұл сайыста бастауыш сынып жетекшілері ішінен  әділ қазылар алқасы:  директордың тәрбие ісінің меңгерушісі- Жумабаева Р.З., директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі-Омарқанова Л.А., бастауыш сынып мұғалімі- Ускенбаева Р.М. оқушылардың  өлең оқу мәнерін ұпай арқылы бағалап отырды.

         Мәнерлеп оқу сайысына бастауыш сыныптар ішінен 2,3,4-сыныптар қатысты. 2-сынып оқушыларынан Оразбек Жібек, Елеусіз Инабат, Алиқызы Аяжан, Қуаныш Мирас, Қонысбек Арайлым, Тұямаш Асанәлі, Алтынбек Алихан, Абдыхалық Алдияр, Аманболатова Мөлдір, Саринжан Динара, Искакова Аяулым қатысты. Олардың ішінен Искакова Аяулым 1-орын, Елеусіз Инабат, Тұямаш Асанәлі 2-орын, Оразбек Жібек,  Аманболатова 3- орын алды.

3-сынып оқушыларынан Қалымбек Бекнұр, Ерболқызы Ақбота, Мурзалимова Аяулым, Турапбаева Бақдаулет, Жамалбек Жанасыл, Илияс Ақнұр, Қапанова Аяулым, Хадай Арман, Түзелбек Гүлнұра, Сәрсенбай Аягөз, Бейсенбаева Элянора қатысты. Олардың ішінен Мурзалимова Аяулым 1-орын, Хадай Арман, Илияс Ақнұр 2-орын, Қалымбек Бекнұр 3-орын алды.

4-сынып оқушыларынан Жылдамқұл Қанат,  Абдималикова Зарина, Ғайбназар Ақдидар, Ахметова Ақбаян, Топжарғанова Жанерке, Қанапия Мәдина, Мухамеджанов Алихан қатысты. Олардың ішінен Ахметова Ақбаян, Қанапия Мәдина 1-орын, Ғайбназар Ақдидар, Мухамеджанов Алихан 2-орын, Жылдамқұл Қанат, Топжарғанова Жанерке  3- орынға ие болды. Осы сайыста мәнерлеп оқу сайысына қатысқан жалпы оқушылар мадақтама қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

  


  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"