«Дін мен тәрбие құндылығы» тақырыбында кездесу
Қарашаның 17 жұлдызында №72 мектеп-лицейінде Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Шантай Марал Мұратқызы жәнеТөлеубай мешітінің наиб-имамы, дәріскер Муслимов Даурен «Дін мен тәрбие құндылығы» атты тақырыпта 10-11 сынып оқушыларымен кездесу оқыды.
Мақсаты:Оқушыларға имандылық маңызын түсіндіру арқылы тазалыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеп, дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әрекетттерін ұғындыру.
Дәріс барысында имам экстремизм мен терроризм ұғымдары ислам дініне жат екендігін айта отырып, жалған діни ұйымдар- адам санасын улап, бостандығы мен құқықтарына қол сұғып, тәні мен жанына үлкен зардап келдіретін ұйымдар болып табылатындығына тоқтала кетті. Кездесуге келген 10-11 сынып оқушылары өздерінің осы тақырып бойынша толғандырған сұрақтарына толық жауап алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"