2016 жылдың 15 қазан аралығында өткен қамқорлық акциясына байланысты мектебімізде «Сұңқарлар» ұлдар клубының ұйымдастыруымен «Жетімдікті ешкім сұрап алмайды» атты мектепшілік іс шара өтті.
Концерттің мақсаты: жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай туғызу, қоғамдағы қауһарсыз қалған, жетімдіктің ащы дәмін татқан балаларға қол үшін беріп, оларға өмірдің қызық қуанышқа толы тұстарын көрсете білетін, жалпы болашақта отбасы құрғанда жанұясына бей-жай қарамайтын ұрпағына жауапты, келешегіне сеніммен қарайтын, өмірге бейімделген мәдени тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты «Перзент арманы» әнін Нұртай Ерасылдың шырқаумен басталды.
Жалпы іс шара театрланғанкөріністерден тұрды. Мәселен: «Анасың ба, аңсың ба?»,«Көзден аққан жаңбыр жас» сынды сахналық қойылымдар көрермендерге әсер етіп, көрініс кейіпкерлері көрермендердің көзайымына айналды. Бір айтатын жайт: барлық көрермендер дерлік көздеріне жас алды. Бірінші көріністе жетім қыздың рөлін Серік Сындар ойнаса, оның әке-шешесі болып Дәуіт Ерен және Молдағалиева Жансая сомдап шықты. Жетімдер үйінің тәрбиешісі рөлін Балташева Айдана ойнады. Жетім қыздың құрбы-достары болып Мажит Ахат пен Сұлтанмұрат Мейрам және 7 – сынып оқушысы Амирлаева Гауһар ойнап, кейін ол қыз «Сәби бақыты» өлеңін шырқады. Жетім қыздың ата рөлін «Сұңқарлар» ұлдар клубының төрағасы Томпышев Бауыржан ойнап шықты. Енесінің рөлін Сейіт Гүлгүл ойнаса, күйеуінің рөлін Ташқұл Жарқынбек сомдады. Ал жетім қыздың қайын сіңлісі рөлін7 – сынып оқушысы Күлімшина Гүлайым ойнап, кейін ол Фариза Оңғарсынованың «Жетім» монологын оқып берді.
Жүргізушілер Бөпіштай Тынысбек пен Саитова Алия еліміздегі тастанды балалардың жағдайы туралы, еліміздегі жетімдер үйі санының артуымен олардың неліктен күрт көбейіп, тастанды балалар легі ұлғаюда екенін баяндап, статистикадан мәліметтер айтты.
Екінші көріністе екі жетім ұл мен қыздың рөлдерін Үсейін Асхат пен Рүстемова Дара сомдаса, ал ауыл тұрғындары, көрші – көлемдер рөлдерін: Қолдасбек Марина, Нұртай Ерасыл, Сұлтанмұрат Мейрам, Кулахметов Арыстан, Сейдрахимов Нұрсұлтан және Дәуіт Ерен ойнады.
Кейін жанұядағы ата- ананың орны ерекше екенін білдіретін «Қос бәйтерек» атты тамаша әнді Әділет пен Нүрила Амировтар шырқадаы. Одан кейін «Майқожаның термесін» Құдайберген Әділет домбармен тартып берді. Кейін ананың бала тәрбиесінде үлкен орнын көрсетін өлеңді Оны Серік Нәрал айтып берді. Және сол анаға деген сағыныштарын білдіру үшін жетімдер үйінен түсірілген бейнебаян көрсетіліп, артынан Сейіт Гүлгүл мен Толқын Нұржаз «Анаға сағыныш» әнімен ортаға шықты. Концерттің соңын оптимистік көңіл-күй сыйлап Тілеубеу Даулет пен Молдажан Аружан «Бәрі жақсы болады» әнін орындады. Іс-шараны қорытындылау үшін «Сұңқарлар» ұлдар клубының жетекшісі Томпышев Бауыржан шығып, тәрбие сағатын түйіндеді. Жалпы алғанда тәрбие сағатының негізгі мақсаты орындалды десе болады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"