№51 мектеп-гимназиясында 5-7 сыныптар арасында жас өнерлі балаларды анықтау барысында «Өнерлі-өрге жүзер» атты мектепішілік байқау болып өтті. Байқауға өнерлі 23 оқушы қатысты. Ең үздік өнер иелері мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Олар 5 «е» Д.Салимжанова «Менің Қазақстаным» әні, 5 «е» Толқын Үлан «Атамекен» әні, 5 «д» Қабылданова Айжан «Хроезм» биі, 5 «д» Рзаева «Айттым сәлем Қаламқас» қобызда өнер көрсетті, 5 «а» Ә Қонарбек спорттық би, А.Амангелді «Астана кеші» әні, 7 «ә» Ә.Әбілқасым «Ассалаумагалейкум» әні, 6 «ә» С.Өмірзақ «Балбырауын» күйі, 6 «ә» Е.Бексултанов «Бір үйдің баласындай» әндері ерекше аталып өтілді.
Кейбір ән, би, қобыз, домбырадағы күйлер қарашаның 3 күні өтетін халықаралық фестиваль-байқауға жіберілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"