Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Үш тілде ББ енгізу – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы (білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді үш тілде оқыту тәжірибесінен)» атты қалалық семинар

2016 ж. 10 қарашада  мектеп-лицейде қалалық «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚБАИ мен Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып «Үш тілде ББ енгізу – бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басым факторы (білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді үш тілде оқыту тәжірибесінен)» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Үштілді оқыту бойынша эксперименттік тәжірибені көрсетілім арқылы орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үш тілде оқу пәндерін оқыту және сыныптан тыс шараларды ұйымдастырудың тиімді әдістерін талқылау.

Семинарға Астана қаласы білім беру ұйымдарынан 80-нен астам педагогтер қатысты.

Пленарлық мәжілісте «Қазіргі қоғамдағы үштілділік:бүгінгісі мен келешегі» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ МКДППҚ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., К.К.Ахметова сөз сөйледі. Сонымен бірге Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Р.Қ.Каскабаева «Астана қаласы мектептерінде үш тілде оқытуды енгізу», №48 мектеп-лицей директоры З.Ж.Садықова «Көптілді білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі» тақырыбында баяндама жасады. Семинар жұмысына қатысуға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері,  мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері шақырылды. №48 мектеп-лицейінің "Үш тілде оқыту" тақырыбында  тәжірибелік-эксперименттік алаңның педагогикалық зертхана жұмысына білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинар қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.

Пленарлық мәжілістен кейін педагогикалық зертхана жұмыстары өткізілді. №1 педагогикалық  зертхана Ғылыми-жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі көрсетілді:

  1. А.К. Булебаева «Географиялық қабығы жəне табиғат аймақтары» ағылшын тілінде;
  2. А.Б.Иманалиева, Н.Б.Смагулова «Пушкин и Абай – поэты вселенской культуры» орыс және қазақ тілінде;
  3. К.А.Еркимбекова, А.Г.Әбуева, Г.Ж.Дюсенова «Еңбекпен табылған ақша» үш тілде;
  4. М.Ж.Ахметкалиева, К.Г.Кенжегулова «Сақтықта қорлық жоқ» қазақ және ағылшын тілдерінде;
  5. К.К.Аликулова биология пәні ағылшын тілінде;
  6. А.Момынкулова, Ш.Н.Усенова, Д.Б.Бауыржанова, Г.А.Капшаева «Абайдың он бесінші қара сөзі» үш тілде.




№2 педагогикалық зертхана Үштілді оқытуды енгізу кезінде оқушының шығармашылық белсенділігі бойынша  мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Бұл бағытта:

  1. Ж.С.Аймакова мен А.Х.Кажуева «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын орыс және қазақ тілдерінде кіріктірілген сыныптан тыс шара;
  2. А.К.Булебаева география пәнін ағылшын тілінде;
  3. К.К.Аликулова биология пәні «The cells of plants and animals» ағылшын тілінде;
  4. Ж.С.Аренова, А.К.Тулендиева «Адам және адамгершілік» отбасылық оқырман клубы жұмысы қазақ және орыс тілдерінде;
  5. Е.Н.Аяшов «Академиялық тіл қолданыста» IELTS сынағына дайындық, ағылшын тілінде;
  6. Л.Б.Ильясова, Н.А.Аюбаева, Б.К.Абдукаримова, А.Ш.Нанаева «Мәңгілік елдің негізі – білімді ұрпақ» үш тілде.

Семинар қорытындысында кері байланыс жасалынып, қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды, cөз кезегінде педагогтер мектеп-лицей директорына және ұжымына алғыстарын білдіріп өздерінің семинар жұмысы барысында алған әсерлерімен бөлісті. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсынысы қабылданды.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"