Алтын күз мерекесі
Мектебімізде 10-11 қараша күндері «Алтын күз» мерекесі тойланып өтілді. Тәрбие жұмысының орынбасарлары О.С.Шаханов пен Шынар Ховдашқанқызының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға оқушылар кеңінен дайындалып, өз өнерлерімен көрермен қауымды бір сергітіп тастады. Әрқашан жақсы дайындалған сынып биіктен көрінеді дегендей, бұл сайыста жоғары сыныптар арасында Бас жүлде 9 «Б», І орын 11 «Ә», ІІ орын 10 «В», 10 «Б», ІІІ орын 10 «Ә», 9 «Ә», 9 «Б» сыныптардың қанжығасына ілінді .
Орта буындар бойынша арасында Бас жүлде 6 «Б», І орын 5 «Ә»,
ІІ орын 5«А», 6 «А», ІІІ орын 5 «В», 6 «Ә» сыныптардың қоржынына салынды.
Жеңімпаз атанған сыныптар мектеп әкімшілігінің атымен Мақтау қағазымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"