Астана қаласы С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 2 қазақ сыныптар І тоқсанның соңғы аптасында мектепішілік азаматтық қорғаныс күніне байланысты «Өрт қауіпсіздік ережесі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында оқушыларға өртке байланысты слайд, бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы талқыланып, ой бөлісті. Әр оқушы өзіне дәкеден бетпердені жасап, сыныпта қалай қолдану керектігін өзара бір-біріне көрсетті. Оқушылардың ішінен Қуаныш Ерсұлтан противогаз әкеліп, пайдалану жолын көрсетті.
Сабақта көрсетілген слайд, бейнероликтерден өрттің адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін ұқты. Өрт қауіпсіздік ережесін үнемі жадында сақтап жүру керектігін түсінді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"