Волейболдан жүлделі ІІ орын
Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және №70 мектеп-лицейінің 5 жылдығына орай мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа жалпы саны 10 мектеп қатысты. Біздің мектептің мұғалімдері жүлделі ІІ орынға ие болды. Ерекше ойынымен көзге түскен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алдажаров Алданыш Қуантайұлы «Үздік шабуылшы» атанса, Жарылғасова Жанат Бейсенқызы «Үздік доп үлестіруші» номинациясымен марапатталды.



Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии