Кештің мақсаты: Оқушылардың Темірова Жанат Борашқызының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік және өнер қасиеттеріне баулу.
Шақырылған қонақтар: Сазгер-әнші Жанат Борашқызы, шәкірттері, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.
Кешті «Парасат» қыздар клубының жетекшісі Ақжанай Қалиева жүргізіп отырды. Кеш барысында сазгерге сұрақтар қойылды, әдемі әндер айтылды, слайдтан деректер көрсетілді. Жанат Борашқызы өзінің шәкірттерімен бір сахнада өнер көрсетті. Кеш соңында Қазақстанға кең таралған «Ақ шағала» әні көпшіліктің сұрауымен өз орындауында айтылып, оқушылар орындарынан тұрып бірге қосылып айтып құрмет көрсетті және тәрбие ісі орынбасары Ләйлә Сағитқызы шығып, сырлы да нәзік жүректі сазгердің үлкен өнерге деген кіршіксіз махаббатына рахмет айта отырып, әсерлі кештің оқушы жүрегінен үлкен орын алатынына сенім білдірді. Кеш соңында естелікке оқушылар фотосуретке түсті.
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"