Қазан айының 24-26 жұлдызы күндері 1-10 сыныптар арасында оқушылардың күз туралы білімін ұштау, кеңейту мақсатында « Алтын күз » мерекесі өтті. Сары алтындай сары күзді сарғая күткен оқушылар «Табиғат сыйы» көрмесіне ерекше дайындалған.
Күз байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі екенін оқушылар түсінді. Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
1-ші сыныптар арасындағы сайыста 1 « Ә » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Қабыкеева Үкіжан Талғатқызы.
2-ші сыныптар арасындағы сайыста 2 « Е » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Амантаева Ләззат Рахменияқызы.
3-ші сыныптар арасындағы сайыста 3 « З » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Биходжаева Айгерім Сұлтанқызы.
4-ші сыныптар арасындағы сайыста 4 « Д » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Қажуева Айсұлу Қайыргелдіқызы.
5- 6 шы сыныптар арасындағы сайыста 6 « Ә » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Бөстекова Гүлшат Жақанқызы.
7-8 -ші сыныптар арасындағы сайыста 8 « А » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Бакенова Айгүл Баяқышқызы
9-10-шы сыныптар арасындағы сайыста 9 « А » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Темірқұлова Сандуғаш Қайнарбекқызы.
Бастауыш сыныптар арасында өткен күз мерекесінің жүргізушілері: 9 «Б» сынып оқушысы Ташкенбай Санжар мен 7 «А» сынып оқушысы Смагулова Мадина өз шығармашылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.
Күзге рахметтерін айтып, өз өнерлерін көрсеткен оқушылардың да саны артқан. Игілікті істер жалғасын таба берері сөзсіз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"