28 қазан күні №6 гимназияда 1-11 сынып оқушыларында ыбырай алтынсариннің 175 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаты ұлы педагог, ағартушы, көрнекті жазушы және қоғам қайраткері, фольклоршы және этнограф Ы. Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы және қоғам қайраткерінің есімі: 50 мектепке, Рудныйәлеуметтік-гуманитарлық колледжіне,Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына және 1996 жылдан бастап Ұлттық білім академиясына берілген.
Ыбырай Алтынсариннің есімі танымал тарихи қайраткерлермен қатар аталып, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған.
Ыбырай Алтынсариннің барлық сан қырлы қоғамдық қайраткерлік және шығармашылық іс-әрекеті қазақ халқының әлемдік өркениетті мәдениетпен танысуы және халықтар арасындағы достықты нығайтуға арналады.
Сынып сағатының тәрбиелік мақсаты
-Ы.Алтынсариннің шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту;
-Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларын насихаттау арқылы кітапқа, поэтикалық сөздеріне деген қызығушылығын ояту;
-оқушылардың дербес және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік жасайтын жағдай жасау;
-жалпыадамзаттық құндылықтарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру;
-шығармашылық қабілеттерін, сенімі мен тәртіп моделін, адамгершілік және эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу;
-қарым-қатынас, шығармашылық іс-әрекет және өзін- өзі ұйымдастыру қажеттілігін қалыптастыру;
-көркем және эстетикалық талғамын қалыптастыру;
-өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіруге негізделген адамгершілік мәдениетін қалыптастыру;
-Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту;
-ұлттық мақтаныш сезімдерін, ұлттық сана –сезімін бекіту;
-оқушылардың бойында эмоционалды-құндылық бағыттарын өз мемлекетінің тарихы мен мәдениеті арқылы дамыту.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"