28 қазанда гимназияда дәстүрлі түрде бірінші тоқсан соңында өткізілетін бірінші сынып оқушылары үшін «Гимназисттерді бағыштау» мерекесі өткізілді. Мерекенің бағдарламасын М.И.Шапошникова мен И.Н.Ткаченконың ұйымдастыруымен гимназия оқушылары өткізді.
Бірінші сынып оқушыларының мерекесіне Мылжың және Жалқаулық кейіпкерлері мерекені бұзу үшін келді. Олар бірінші сынып оқушылары үшін тапсырмаларды дайындады. Балалар барлық сынақтан өтті.
Мереке соңында барлық бірінші сынып оқушылары гимназистер Гимнін орындады.
Бұл күннің ескерткіші ретінде барлық бірінші сынып оқушыларына гимназист куәліктері табыс етілді.
Бірінші сынып оқушыларына сабақты жақсы оқуға және гимназист атағына лайықты болуға тілектеспіз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"