Астана қаласы №49 орта мектебінде 28-қазан күні «Қамқоршылар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балаларға жылулық сыйлайық!» атты бағдарламалық кеш өткізілді. Кешке «Мейірім –М» қайырымдылық қоры қоғамдық ұйымының төрайымы Айгүл Өмерқызы, Астана қаласы Білім басқармасының өкілі Искакова Клара Хамиткалиевна, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, №21 орта мектеп, №23 орта мектеп, №26 мектеп-гимназия, №34 орта мектеп білім мекемелерінің мектеп әкімшілігі мен жетім және аз қамтылған отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалар, үйден оқытылатын балалар қатыстырылды. Іс-шара барысында Д. Қонаев атындағы колледж, Даналық колледж, Политехникалық колледж студенттері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілін көтерді. Балаларға үнемі көмек қолын ұсынып жүрген абзал жандар Білім Басқармасының және мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды, балаларға көмек ретінде сыйлықтар үлестірілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"