Астана қаласы №49 орта мектебінде 2016 жылғы 26-қазан күні 5-сынып оқушыларымен «5-сыныптардағы эстафеталық сайыстар» тақырыбында балалардың денсаулығы мықты, епті, батыл, икемді болып өсуі үшін гимнастика, дұрыс тамақтану, т.б. сияқты салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын дамыту мақсатында №3 қалалық емхананың алдын алу, әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары және Астана қаласы №49 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлескен жұмыстар жүргізілді.
Эстафеталық сайыс кезінде 5-сынып оқушылары «Қыран», «Барыс» топтарына топтасып, жүгіру, арқан жіп арқылы жүгіру, отырып жүгіру, доп соғып жүгіру, т.б. кезеңдерін орындап, бірінші, екінші, үшінші орындармен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"