«Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының «би» номинациясы бойынша
25 қазан күні №3 мектеп-гимназиясының акт залында 1-4 сыныптар арасында мектепішілік «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының «би» номинациясы бойынша іріктеу кезеңі өткізілді. Халық, заманауи, бал билерін орындаған барлығы 34 оқушы қатысты. Оқушылардың ата-аналары тамаша сахналық киімдер дайындаған. Қазылар алқасының шешімімен 13 нөмір жартылай финалға жіберілді.