Ұстаз аты -биік əрі мəңгілік
5 қазан күні "Ұстаз аты -биік əрі мəңгілік " деген тақырыпта ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті. Гимназия директоры Гүлнар Дінғуатқызы ұстаздарды құттықтап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, "Есіл" ауданы əкімінің Алғыс хатымен, Астана қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен және гимназия директорының Алғыс хатымен марапаттады. Бүгінгі мерекелік концертке гимназия оқушыларымен қоса, Қазақстанның эстрада жұлдыздары, талантты жұп "Астана" тобы, қазақтың қоңыр дауысты əншісі, ұлттық өнерді насихаттаушы- Досымжан Таңатаров, сазгер, нағыз талант иесі - Қайрат Баекенов пен "Формат" тобы, сазгер, əнші Асқар Жайлаубаев қатысып , ұстаздарды кəсіби мерекелерімен құттықтап, əннен шашу шашты.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии