22 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде 1-11 сынып ата-аналарымен «Ашық есік күні» өткізілді. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызының идеясымен жасалған бұл шара алғаш ұйымдастырылғанына қарамастан, ата-аналар жоғары бағалады. Жүзге жуық ата-ана тоғыз топқа топтастырылып, мектептің оқу-тәрбие үрдісімен толықтай таныстырылды. Соңынан мектептің мәжіліс залында жиналған ата-аналардың барлық өтініштеріне алдын ала алынған сауалнама нәтижесін негізге ала отырып, жауап берді. Мұндай игі іс ата-ана мен мектеп өмірін етене араластырып, түсіне білу деген тамаша ұғымға септігін тигізетінін байқадық.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"