2016-2017 оқу жылында Тіл туралы Заңның орындалуы қыркүйек айында педагогикалық кеңесте қаралып, өткен оқу жылындағы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы уақытта атқарылатын іс–шаралар бекітілді. 03.09.-22.09. аралығында 22қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған айлық өтті. Бұл жыл сайын дәстүрге айналған ҚР Тілдер мерекесін атап өту биылғы 2016– 2017 оқу жылында да өз деңгейінде өтті.
«Тіл- ұлттық қазына» айдарымен өтілетін бұл шараның жоспары
қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндер әдістемелік бірлестіктерінде талданып,
жоспарланды. Бірінші күні 03 қыркүйек күні салтанатты саптық жиында айлықтың ашылуы қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі пәндер бірлестіктерінің және Ж.А. Мұстафинаның ұйымдастыруымен өтті. Айлықтың ашылу салтанатына орай мектеп оқушыларына саптық жиын ұйымдастырылып, оқушылар әр ұлттың тілінде амандасып, ана тілдеріне деген жыр-шумақтарын оқып,айлық жоспарымен таныстырды.
Бастауыш 4- сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында шығарма сайысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.Айлық барысында бейнелеу пәнінің мұғалімі Қосалбаев Мұхтар Тәуелсіздігімізге 25 жыл толу қарсаңында сурет көрмесін ұйымдастырды.
Айлық «Язык-мост дружбы» тақырыбында интеллектуалды «Что?,Где?Когда?»ойынымен
жалғасты.
Бұл іс-шараны жаратылыстану бірлестігі, биология пәнінің мұғалімі Елеуова Алия Аусаковна 7-8 сыныптар арасында өткізді. Іс-шарада оқушылар үш тілде өз білімдерін көрсете білді.
«Тіл-достық айнасы» тақырыбында шет тілдер пән бірлестігі мұғалімі Г.А.Хансейітованың оқушылары «Өнерлі өрге жүзер»айдарымен халықтың тарихта адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі екендігін дәлелдеп көрсететін сахналық қойылым көрсетті. «ЭКСПО -2017» Халықаралық көрмесіне байланысты «Болашақ энергиясы» тақырыбында шет тілдер пән бірлестігі, ағылшын тілі мұғалімі Төлегенова Жанардың ұйымдастыруымен ойбөліс ұйымдастырылды.
Ойбөлісте оқушылар алдағы уақытта өткізілмек болып отырған көрме жайлы сөз таластырып, ойларын терең мысалмен жеткізе алды.10-сынып оқушысы Ақжарқын ағылшын тілінде еркін сөйлеп, көрермендерді таң қалдырды
«Көне түріктер тамыры-қазақ тілі»тақырыбында ғылыми конференциясын қоғамдық пәндер бірлестігі, тарих пәнінің мұғалімі З.Т.Сеилгазина ұйымдастырды.Жаңа үлгіде өткен бұл іс-шарада оқушылар көне түрік жазулары туралы материалдарды терең меңгерді деп айтуға болады.
«Тілім менің –тірлігімнің айғағы» айдарымен 3-сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағаты әр сыныптың оқушылары тілге байланысты өлең шумақтарын мәнерлеп оқу сайысымен жалғасты.Сайыстың жеңімпазы 3 «Б» сыныбының оқушысы Ақылтаева Мадина атанды. «Тіл-әр ұлттың жүрек үні» тақырыбында тіл фестивалін орыс тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі өткізді. Әр сынып өздеріне бөлінген ұлттың салт-дәстүрін, тарихын, өнерін, ұлттық тамағы жайында мағлұматтар берді,биледі,ән айтты.Ең белсенді сынып 5г,5д сыныптары болды.
Бұл сыныптардың сынып жетекшісі Мамырбаева Гулнар Саттаровна. Ол іс-шараның дұрыс өтілуіне сыныптың ата-аналарымен бірге жұмыла кірісті.
Тілдер айлығына нақты пәндер бірлестігі де атсалысты.Қыркүйектің 21жұлдызында 7 «Б»сынып оқушылары «Тарихымызға тағылым»айдарымен Ұлттық мұражайға барды.Оқушылар мұражайда ежелгі дәуірден бастап, осы күнгі кезеңдегі түрлі экспонаттарды тамашалап көрді.
Оқушылардың сөйлеу, ойлау дағдысын дамыту,өз ойын ана тілінде мәдениетті жеткізуге дағдыландыру мақсатында қоғамтану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында зияткерлік сайыс өтті.Сайыста білімділігімен,тапқырлығымен жеңіске жеткен оқушыларды пән мұғалімдері марапаттады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"