Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында
14.10.2016 ж. біздің мектептің орта буын және бастауыш сынып оқушылары ОТІ бойынша директор орынбасары – Г.О. Жумагулованың және ТІ бойынша директор орынбасары – Б.С. Аубакировтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсияға барды. Оқушыларға арналған Қазақстан Республикасының 25-жылдық Тәуелсіздігіне арналған квест сабағы өткізілді.
Оқушыларды үш топқа бөліп, мұражай қызметкерлері өздерінің ойындарын жүргізді. Олар мұражай ішіндегі түрлі экспонаттардың атауы, әр суреттің тарихына және салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Экскурсия барысында екі көріністі тамашалады. Біріншісі – төменгі қабаттағы алтын қыранның ұшуы, картадағы бейнені тамашалау және сарқыраманың қосылуы. Екінші – көрініс жоғарғы қабаттағы тас еден астынан Елорда ғимараттарының көтеріліп шығуы. Одан басқа еліміздің тынысын білдіретін қолөнер түрлерін айқындайтын алтын залға да кірдік. Мұражай қызметкерлері барлық залдағы әр экспонат жайлы толық түсінік берді. Астынғы қабатта экскурсия аяқталғанша Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері дәстүрлі өнерді дәріптеумен болды. Жалпы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, өте жақсы күй кешті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нурмагамбетова Жибек Кабденовна
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"