Астана қаласы №26 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдері ХІІ фестивалінің аясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы!» атты мерекелік апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында «Қазақшаңыз қалай?» зияткерлік сайысы, «Туған тілің – қасиетті байлығың», «Язык – душа народа», «Сөз мерген» интеллектуалдық сайысы, «Жырлаймын жүрегіммен анам тілін!» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы т.б. ұйымдастырылды. 24-қыркүйек күні апталық қорытындыланып көрініс залында меренкелік жабылу жиыны өтті. Жиында апталыққа белсене қатысқан, сайыстарда оза шапқан оқушылар мадақтамамен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"