ЖЖИ-на куәлік тапсыру салтанаты
- 5 қыркүйек күні мектептің ЖЖИ –на куәлік тапсыру салтанатты жиыны өтті. Жиын барысында ұйымға енген оқушылар таныстырылып, міндеттері айтылды. Жетекші ретінде мектеп тәлімгері Айтышева Анара Кабидоллақызы тағайындалды. Мектеп инспекторы ахметова Гүлмира Кайыржановна оқушыларға жауапкершілік артылып отырғандығын айтып, барлық басқа да оқушыларды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
- Қыркүйек айының 15-күні мектеп оқушыларына арналып қалалық ЖПП қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесудің негізгі мақсаты оқушылардың өмір қауіпсіздігі әсіресе жолдағы сақтық шаралары, тәртіп, ереже сақтау мәселелері болды. Оқушыларға ауызша ғана емес интербелсенді тақтадан жол ережелеріне, белгілеріне байланысты бейне роликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии