Қазан айының 10 мен 14 аралығында даярлық топтары арасында «Алтын күз» мерекелік апталығы өтті. Апталық бойынша арнайы жоспар құрылып сол жоспарға сәйкес 10-қазан күні апталықтың ашылуына арналған «Күз мерекем-күз берекем» атты саптық тізіліс, 11-күні сурет көрмесі, 12-күні «Жомарт күз!» қол жұмыстарының көрмесі, 13-күні «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы,14-күні апталықтың жабылуы ұйымдастырылды. Барлық іс-шараға даярлық сыныптары белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр бағытта ұйымдастырылған іс-шараларда жеңімпаз атанған, белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектеп фоейесінде оқушылардың жұмыстарынан арнайы көрме жасалып, таныстырылым жұмыстары жүрді. Апталық жоспарға сәйкес жақсы деңгейде өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"