Күз мерекесіне байланысты 8-10 сыныптар арасында «Алтын күз» байқауы өтті. Жылдағыдай байқауға әр сыныптан бір жұп қатысты. Алғашқы айналымда жұптар өздерін таныстырса, келесі айналымда киноға пародия жасап, үшінші айналымда жұптар вальс биледі. Соңғы кезеңде қатысушылар өздері дайындап келген аппликациясын көрсетті. Әділқазылар Бас жүлдеге 10 «А» сыныбының Жасұлан мен Айжан жұбы лайық деп тапты. І орынды 8 «В» сыныбының Әбілқайыр мен Жұлдыз жұбы иеленді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.