Денсаулық акциясы
"Мектеп жасындағы балалардың денсаулығы" атты бойынша анықтама.
14-қазан күні мектебімізде Астана қаласы білім басқармасы, денсаулық басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, №5 қалалық емхана және "Шуақ" жастар денсаулығын сақтау орталығымен бірлесе отырып, "Мектеп жасындағы балалардың денсаулығы" атты акция ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты әрине оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болды. Акция мектеп қазан айы бойы жалғасатын болады. Бүгінгі акция барысында сонымен қатар, "Даналық" медико - фармацевтикалық колледжінің 2-курс студенттерінен волонтерлық топ құрылып қосымша жұмыстар атқарылды. Оқушылармен қызықты да, пайдалы тренингтер, флешмоб, спорттық жаттығулар, викториналар, интербелсенді тақта арқылы денсаулық, тазалық, зиянды әдеттер т.б. туралы бейне роликтер көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Тек оқушылармен ғана емес , мектеп ата-аналармен де қарқыннды жұмыстар жасалды. мектеп фойесунде арнайы қосымша ақпараттық денсаулық бұрышы ұйымдастырылып, әр-түрлі брашулалар таратылып, дәріс оқылды. Ай бойы мектептің медициналық кабинетінде оқушыларға арналып, көз ауруы, кариес, жеңіл түрдегі қан жетіспеушілік, сүйек бұлшық ет жүйесінің аурулары т.б. алдын - алу мақсатында кеңес беру күндері өтетіндігі хабарланды. Ата-аналарға осы акцияға балалармен бірге белсенді қатысуға шақыратынымызды айтып өттік. Ата-аналар мұндай акцияға қуанышты екендіктерін білдіріп, ризашылықтарын айтты.
Аталған акцияға қатысқан қонақтар мен қызметкерлер:
1. Салауатты өмір салтын сақтау орталығының бөлім басшысы Анарбаева Жанар Кусмановна
2. 5-қалалық емхана дәрігері Ногаева Раушан Абилова
3. 5-қалалық емхананың бөлім басшысы Байдалина Багдат Тлеухановна
4. 5-қалалық емхана психологы Альчикенова Перизат Нурдогуловна
5. "Шуақ" ЖДО басшысы Шанбаева Гүлназ Нұрдығұлқызы
6. 5-қалалық емхана әлеуметтік қызметкері Жакетова Нургуль Жумабековна
7. "Даналық" медико - фармацевтикалық колледжінің 2-курс студенттері
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии