2016 жылдың 07.09. – 07.10. аралығында Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде өткізілген «Балалар қауіпсіздігі» айлығы іс-шарасының анықтамасы
Астана қаласының Білім басқармасының 05.09.2016 жылғы №466 бұйрық хаты негізінде Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде бір айлық «Балалар қауіпсіздігі» айлығы өткізілді. Аталған іс-шара негізінде мектепішілік директордың бұйрығы шығарылып, жоспар бекітілді.
7-11 сыныптар аралығында оқушылардың өмір қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін сақтық шаралары туралы сынып сағаттары өткізілді.
Сыныптардың 2016-2017 оқу жылына арналған қауіпсіздік ережесі папкалары бекітілді.
І – қабатта мектеп кітапхана қызметкерлерінің «Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі» атты тақырыппен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жетекшісі Ш.Е.Әбдіхалықова.
Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сақтық шараларын жасаудағы жауапкершілігін арттыруда мектебімізде «Қозғалыстың жас инспекторлар» тобы жасақталып, 7 сыныптарға өмір қауіпсіздік шараларын сақтау жұмыстарын жүргізіп, үгіт насихат жұмыстарын өткізді.
Мектеп психологі М.Е.Дүкенбаева 8 «а» сынып оқушыларына тренинг жүргізді. Тақырыбы «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше,жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру.
Тренингтің кіріспе сөзін мектеп психологі М.Е. Дүкенбаева алды.Ол өз сөзінде бүгінде қаламызда үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлықтүрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет ететіндігін айтып өтті.
Тренинг барысы:
Айлық қорытындысы туралы ақпарат және өткізілген іс-шаралар фото суреттері мектеп сайтына қойылып, толық ақпарат Астана қаласы Білім басқармасына уақытында тапсырылды.
Орынд: К.М.Тасболатова
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"