Меню KDT

Новости

Главная Новости

Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шараның өткізілу есебі

№ 72 мектеп-лицейінің  Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шараның өткізілу есебі

          5-16 қыркүйек аралығында Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы бақыт мекені» атты републикалық апталыққа №72 мектеп-лицейінің 1-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белене ат сатысты. Айта кететін болсақ,  мектеп психолгы Сакенова А.К. 10 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған «Қазақстанның 21 ғасыр ата-аналары. Өз балаңа үлгі бол. Ата-аналарға психологиялық көмек» атты республикалық  конференция өткізді.

 Дене шынықтыру  пәнінің мұғалімдері  Абужаров О., Жайлау Е.,  А.Оспановтың  ұйымдастыруымен  2 сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен  «Папа, мама, я, спортивная семья» атты эстафеталық жарыс өткізілді. 

3-4 сыныптармен «Отбасы – өмірдің мәні» атты сурет көрмесі және 5 сыныптармен «Менің жанұям» тақырыбында фотоколлаж көрмесі ұйымдастырылды.

Мектебіміздің кітапханасында Темірова С.Т. 6 сынып оқушыларға «Отбасылық дәстүрді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы» тақырыбында  кітап көрмесін таныстырды. Сондай-ақ осы сыныптармен сынып жетекшілер «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» атты сынып сағаттарын өткізді.

 7 сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты шығармалар байқауы өтті. Бұл сайыста оқушылар өз отбастарына деген сүйіспеншіліктерін жазған шығармалары арқылы оқыды. Сайыстың мақсаты: оқушыға отбасының мақтанышы, айбары екенін түсіндіру.

 8 сыныптармен «Ата-ананы құрметтеу әрбір адамның қасиетті борышы» атты сынып сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: жас ұрпақтың ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу және де жас буынның Отанын, туған жерін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеу.

    Отбасылық танымдық тәрбие ретінде 9 сынып оқушыларының  сабақ уақытынан тыс ата-аналарымен серуендейтін, демалатын мәдени мекемелерімен таныс болдық.

 10 сынып жетекшілері Мунайдарова К.Е және Ермекова Г.О.  «Құрмет – берік отбасының негізі» атты әдеби-поэзия кешін ұйымдастырды. Кештің мақсаты өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.

 11 сыныптар «Отбасын сақтау мен нығайтуға кететін күш, құр бекер кетпейді» атты дөңгелек стол өткізді. Отырыста оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылай білді және де өз ойларын тұжырымдай алды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы әртүрлі пікірлер айтылды.

 

  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"