Меню KDT

Новости

Главная Новости

2016-2017 оқу жылында Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған іс-шараны өткізгендігі туралы есебі

№72 мектеп-лицейінің 2016-2017 оқу жылында Қазақстан  халықтарының  Тілдер күніне арналған іс-шараны өткізгендігі туралы есебі

         Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған мектептегі декаданы өткізу кезінде әр түрлі іс-шаралар жасалды және өткізілді. Апталық мектепте жиынмен басталды. Онда оқушылар тіл туралы өлеңдерді жатқа оқып, іс-шара жайлы ойларын айтып өтті. Содан соң қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақ, өлең айтып, би билеп және де осы апталықта болатын іс-шаралармен таныстырды.  Мектеп кітапханасында «Тіл бірлігі  – ел бірлігі» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрме мақсаты: халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу. Мектеп кітапханашысы С.Т.Темирова оқушыларға халқымыздың ғұламаларының,  ақын-жазушыларының қаламынан туған шығармаларымен таныстырып өтті.

 Жалпыға бірдей «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие, сынып сағаттары дайындалып, өткізілді.  Сабақтың мақсаты: жас ұрпақтың ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу және де жас буынның Отанын, туған жерін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеу.

 Ал, 9-11 сынып оқушылары  арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  К.Е.Мунайдарова «Өнер алды – қызыл тіл тақырыбында» ақындар  мүшәйрасын  өткізді. Бұл байқаудың мақсаты ақын өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мәнерлеп оқуларын шыңдау, жас ақындар қабілетін ашу. Оқушылар   Абай, Мұқағали,  Жамбыл, Махамбет ақын  өлеңдерін мәнерлеп оқып және сол ақындарға өз жүрегінен шыққан сөзді өлең түрінде жазып, оқып берді. Әсіресе,  белсенділік танытқан  5, 7,8 сынып оқушылары. Қорытындысында  7 «Б» сынып оқушыларынан жақсы мәнерлеп оқығандар: Советбекова Гүлзат, Алтай Айгерім, Қыдырбаева Рабия, Амирбекова Нұрай, Мағұл Марғұлан. 7 «Ә» сыныбынан Касенова Гүлзат, Каримуллин Бекзат, Амантаева Жазира, Мендибаев Жарас, Жақсығалиева Еркежан, Жұмабек Ерсайын. 7 «А» сыныбынан Қайролбекова Айдана, Нұрланова Райхан, 5 «Ә», «Б» сынып оқушылары Абайдың көп  өлеңдерін жатқа біледі.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Адилбекова Ж. С. 8-11-сынып оқушыларымен «Тілім бар да  менің қосар үлесім» деген тақырыпта эссе, шығарма жазу байқауы болып өтті. Байқау мақсаты: оқушылардың ойларын дамыту, жазу сауаттылығын, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Онда оқушылар өз ойларынан шыққан тілге деген сезімдерін жазып берді. Әсіресе, 8, 9, 10-сынып оқушылары белсенділік танытты. Ойларын ашық жеткізе білген, тілге деген құрметтері зор, ақын –жазушылардың пікірлерімен бөлісе білген. Өз ойларын бір-бір шумақты өлеңмен қорытындылағандары да болды.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.К.Шайсултанова және  А.К.Қоянбаева бірлесе отырып «Тілге құрмет-елге құрмет» атты байқауын жүргізді. Байқаудың мақсаты өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу. Бұл байқауда оқушылар әртүрлі тілде тақпақ, өлеңдер оқыды.  Ақындығы мен мәнерлеп оқи алатындығы жағынан ерекше көзге түскен оқушылар аталып өтілді.  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ж.О.Копбаева «Тілім  бар құдіретті бір күш» атты әдеби-поэзия кешін ұйымдастырды. Кештің мақсаты өз заманымыздың озық ойлы, кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу, тілдің құдіретін,  ұлтымыздың мақтанышы, айбары екенін түсіндіру болды. Кешке 8-11 сынып оқушылары қатыстырылды.  Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талқылай білді және де өз ойларын тұжырымдай алды. Қоғамдағы тілдің  алатын орны туралы әртүрлі пікірлер айтылды.  

        «Тілім менің тірегім, елім деп соғар жүрегім» қабырға газеттері  сайысы бастауыш және жоғары сыныптарда жеке-жеке өтті. Байқауға сыныптың барлық оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбары екенін түсіндіру болды.

       Қазақстан  халықтарының  Тілдер күніне орай мектеп кітапханасында «Тіл бірлігі  – ел бірлігі»» тақырыбында көрме безендіріліп, 5-6 сынып оқушылары арасында ойпікір алмасу жүргізілді. Көрменің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің ұлт және мемлекет үшін маңыздылығын, негіз екенін көрсету. Сондықтан да оқушыларға ана тіл ұғымын қалыптастыра отырып, қазақ халқы ана тілінің қоғамдағы басымдылығы жөнінде пікір алмасу болды. Осы тұрғыда оқушылар ой қозғай отырып,  қазақ тілінің келешегі туралы ойларын сарапқа салды. Көрмеде атақты адамдардың  суреттері,  шығармалары, тіл туралы айтқан ойлары  қолданылды. Мектеп кітапханашысы С.Т.Темирова оқушыларға халқымыздың ғұламаларының, ақын-жазушыларының қаламынан туған шығармаларымен таныстырып өтті.

  Сонымен қатар оқушылар тіл туралы өлеңдер  оқыды, сәттілік мезгіл болды, білгірлер сайысы жүргізілді.  Балалар үш топқа бөлініп, ойын өткізді. Сұрақтар, мақал-мәтелді жалғастыр ойыны ойнатылды. Оқушылар белсенді қатысты, қызығушылықпен тыңдай отырып,  көрме туралы өз пікірлерін айтты. Соңында ой пікір алмасу туралы нәтиже жасалып, оқушыларға сәттілік тілектер айтылды. Оқушыларға тіл туралы өткізілген пікір алмасу ұнады.                                                                                                                 Ағылшын тілі мұғалімдері оқушылармен «My favourite poem» атты ән шашу, өлең-жырлар байқауы, жоба қорғау жұмыстарын ағылшын тілінде өткізді. Бұл байқауға өзге ұлт оқушылары да қатысты.  Отан, тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айта білді. Байқауда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін жете меңгергендері байқалды.  

 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бершкеева Н.Н. «Моя малая Родина»  жоба  қорғау байқауын , Игенберлина К.Е. «Язык есть зеркало мысли народа» атты ақындар мүшәйрасын  және  Айсина А.М. «Знатоки языка» тақырыбында зияткерлік ойынын өткізді. Байқау барысында балалар әр түрлі мақал-мәтелдерді,  сөз жұмбақтарды, жұмбақтар мен тарихи анықтамаларды пайдаланды. Олардың ой-өрістері мен сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар зияткерлік сайысында қолданылды. Бұл сайыстардың қайсында болса да оқушылар өлеңді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды. Онкүндіктің соңы  «Тіл халық мұрасы» атты мерекелік концертпен ұласты.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"