Өсіп келе жатқан жастардың бойында білімге деген талпынысын, ұлттық патриотизмді қалыптастыру, тілге деген құрметтерін, көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Көшбасшы- оқушы» байқауы өтті. Байқауға 10 сынып оқушылары арасында мектептегі негізгі пәндер бойынша жоғары бағалы, қоғамдық өмірге белсене атсалысатын, көшбасшылық қабілеті мен шешендік қабілеті басым оқушылар іріктелініп алынды. Сайыс 4 тур бойынша өтті. Оқушылардың пән бойынша білімдері, ғылымилық, дүниетанымық қабілеттері сыналды. Сайыс қорытындысы бойынша Габжалелов Бекзат «Көшбасшы оқушы» атанып, мектеп намысын қорғауға қалалық сайысқа жіберілді.
1.Оқушылар арасында танымдық , зияткерлік сайыстар жиі өткізілсін.
2.Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілсін.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"