№54 мектеп-лицейінде биылғы оқу жылының басталуына байланысты 7.09.-7.10 аралығында «Балалар қауіпсіздігі» айлығына арнайы бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді. Жоспар бойынша «Барлығы да тәртіп пен ережеден басталады» атты сынып сағаттары мен саптүзеулер өткізілді. «Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында» тақырыбымен 9-сынып оқушыларының және мектеп инспекторы, психологтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мектеп психологтары «Бопсалау» тақырыбына сауалнама алды. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Асыл Оканың жетекшілігімен «Мен өмірді сүйемін» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Тілсіз жау» өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сынып сағаттарында айтылып, жадынамалар таратылды. 23-24.09 күндері ата-аналар жиналысына ата-аналарға бала қауіпсіздігі жөнінде кеңес және нұсқау айтылды. «Төтенше жағдайларда жедел әрекет ету шаралары» 5-11 сыныптарға тәрбие ісінің меңгерушілері дәріс сабақтар оқыды. «Дети в ночном городе» акциясы аясында16-20.09 күндері интернет клубтар мен саябақтарда, мөлтек аудандарда рейд жүргізілді. Рейд жүргізу барысында ешбір мектеп оқушысы тіркелген жоқ. Мектептен тыс жерлерде іс-шаралар ұйымдастырылған кезде және мектептегі ұйымдастырылған іс-шаралардан кешкі уақытта қайту кезінде сынып жетекшілеріне, жауапты тұлғаларға арнайы бұйрық шығарылу жыл бойына жоспарланып, жүргізілуде.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"