«Мамандықтың төресі – Ұстаздық!» мерекелік іс- шара өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мұғалімдер күніне арналған «Мамандықтың төресі – Ұстаздық!» атты мерекелік іс- шараның жоспары құрылып бекітілді.
Мектеп- гимназияның бірінші қабатында «Ұстаз – халық анасы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып қойылды. 5-11 сыныптар аралығында «Менің сынып жетекшім» атты сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар өзін- өзі басқару күні сабақ кестесі, кезекшілік кестесі ұйымдастырылды.
Жоспар бойынша ардақты ұстаздарды ұлықтау, мерекелерімен құттықтау және балаларға ұстаздар күнін насихаттау мақсатында саптық жиын өтті.
Мектеп- гимназияның 2016-2017 оқу жылының түлектері өз құттықтауларын видеоролик арқылы жолдады. 9-11 сынып көшбасшыларының ұйымдастыруымен мектептің мәжіліс залында ұстаздарға арналған «Мамандықтың төресі – Ұстаздық!» атты концерттік бағдарлама өтті.
Концерттік бағдарламада ұстаздар қауымына ақ лебізі мен жылы тілегін білдіру үшін құттықтау сөз мектеп директоры мен кәсіподақ төрағасына берілді. Жыл қорытындысы бойынша «Үздік сынып», «Үздік сынып жетекші» номинациялары бойынша марапатталды. Мектебіміздің аяулы ұстаздары:
Физика пәнінің мұғалімі жоғары категориялы ұстаз- Рахымова Қ.А.,
Физика пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз –Сафонова Е.Г.
Тарих пәнінің мұғалімі, II деңгейлі, жоғары санатты ұстаз –Қарабалаұлы Қ.
География пәнінің I санатты ұстаз- Аренов Е.Б.
көшбасшылар тобының атынан құттықтады.
Сонымен қатар концерттік бағдарламада «Ұстазым» әні, кішкентай бүлдіршіндердің ұстаздарға арналған өлеңдері, «Чунга-чанга» биі, 11 сынып оқушысы ларының «Күзгі вальс» атты биі тарту етілді.
Мерекелік концерт соңында «Ұстазым» атты әнімен «Вокалдық топ» ұлдар хоры концерттік бағдарламаны аяқтады.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии