«Мақсат қоя білу, күтілетін нәтижеге жету жолдары» тақырыбында оқыту семинары
Білім мазмұнының жаңаруы – бүгінгі ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Көп жағдайда мұғалімнің алдында отырған оқушылардың белгілі тақырыпты жақсы меңгеруіне, баланың бойында білімге деген қызығушылық пен құштарлықтың арта түсуіне сабақ мақсатының дұрыс құрылуы байланысты. Жаңашыл ұстаздың сабақ мақсаты оқушыға бағытталып, оның нақты дағдыларын дамытуға бағытталған, оқушы үшін қолжетімді, тапсырмалары уақытпен шектелетін, яғни СМАРТ мақсат болуы шарт. Біздің мектепте де әр мұғалімнің кәсіби тұрғыда үнемі дамып, жетіліп отыруына көңіл бөледі. Осыған орай, қыркүйек айында І деңгейлік курсты меңгерген ұстаз Р.Ә.Анапьянова «Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже» тақырыбында әдістемелік практикалық семинар өткізді. Бұл отырыста мұғалімдер практика жүзінде сабақ мақсатын құрудың сырларын меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар соңында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысының орынбасары Б.С.Кожахметова 2016-2017 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес мұндай семинарлардың жүйелі өтетінін айтты.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии