Мектеп басшылары ашық сабақтарда
5 қазан күні №81 «Astana English School» гимназиясында «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» курсынан өтіп жатқан мектеп басшылары қонақта болды. Семинардың екінші кезеңінде қатысушылар гимназия мұғалімдерінің барлығы 9 ашық сабағына қатысып, дарынды оқушылардың біліміне дән риза болды. 1 «Ж» сыныбында Хайм Эфтинг, Алиуллаева Айгерим (жас маман) , 6 «Ә» сыныбында Огунпекан Фаусат Йетунда, Уразбекова Айгерим (жас маман), 7 «А» сыныбында Хендрикус Мариа Робертус, Искакова Ажар ( үшінші деңгей) ағылшын тілі сабақтарын шетелдік мұғалімдермен бірге жүргізе отырып, кіріктірілген сабақтың үздік үлгісін көрсетіп, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін пайдалану мақсатын көздеді.
Ал химия ағылшын тілінде пәнінің мұғалімі Жақсылықова Динара, биология ағылшын тілінде пәнінің мұғалімі Адилова Дана, математика ағылшын тілінде пәнінің мұғалімі Айтжанова Бахыт (жас маман) жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде меңгертудің тиімді әдіс- тәсілдерін ұсыну мақсатында көрсетілді.
Бастауыш сынып мұғалімдері Айдарбекова Сағат (бірінші деңгей) дүниетану пәнінен, Оспанова Зәуреш математика пәнінен, Куркенова Ардақ ( үшінші деңгей) әдебиеттік оқудан сабақ көрсете отырып, білім негізі бастауышта қаланатынын, соған байланысты осы пәндерді оқытуда логика әлемімен, жаратылыстанумен , тілді меңгерудегі мәтінмен жұмысты жүргізудің, бір сөзбен айтқанда, жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін қалай енгізуге болатыны жайлы тәжірибелерімен бөлісе алды. Сабаққа жаңаша көзқараспен қарап, өз тәжірибелерімен бөлісе білген еңбекқор ұстаздарға алғысымыз шексіз!!!










Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии