5 қазан күні Ұстаздар мерекесі күні мектептің барлық ұстаздары 12 сыныпта сабақ оқыды. Ұстаздар ретінде сол күні жоғарғы сынып оқушылары берді. Бірінші сабақ өзін-өзі тану сабағы болды. Сабақтың тақырыбы "Махаббат" деп аталды, яғни Отанға, ата-анаға, досымызға деген махаббатымызды айттық. Сабақ соңында екі топқа бөлініп әндер айтып жарыстық. Сабақ өте қызықты, тартысты өтті.
Екінші ағылшын тілі сабағы болды. Сабақта өзімізді ағылшын тілінде таныстырдық. Ағылшын білмейтін ұстаздар ағылшынша сөздер үйреніп кетті. Үшінші сабақ технология сабағы болды. Сабақта бисерлерден мойшақ жасап үйрендік. Кейбір ұстаздар оқушы кезін еске алып сабақтан қашып кетті. Сабақ өзіме жақсы ұнады. Соңғы сабақ дене шынықтыру болды. Екі топқа бөлініп волейбол ойының ойнадық. Сабақтан кейін оқушылар дайындаған мерекелік концерт көруге бардық. Концерт өте жоғары деңдейде ұйымдастырылған. Барлық оқушыларға және ұйымдастыру ұстаздарға үлкен рахмет. Жұмыстарын жемісті болсын.