Меню KDT

Новости

Главная Новости

Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру

5 қазан күні  №81 «Astana English School» гимназиясында «Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру» курсынан өтіп жатқан мектеп басшылары қонақта болды. Алғашқы сөзді №81 гимназия директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Гүлнар Дінғуатқызы бастап, гимназияның мән-жайымен, ерекшеліктерімен таныстырды. Мектеп психологы, бірінші деңгейлі мұғалім Омарова Шолпан Сембаевна қатысушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында психологиялық жаттығулар жүргізді. Келесі кезекте әдіскер ретінде тренингті өзім жүргіздім. Желілік қоғамдастық жұмысын тиімді ұйымдастырудағы мектеп директорының ролі туралы айта келе, «Желілік қоғамдастық жұмысы арқылы мектепті дамытуға болады ма?» деген сұрақты ортаға тастадым. 3 топқа бөлінген қатысушылар мектепішілік кәсіби қоғамдастық жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мектепті дамытуда маңызы зор екеніне нақты мысалдар келтіре отырып, өз ойларын айтып өтті. Үш топқа келесі тапсырмалар берілді:
1. Мектептегі кәсіби қоғамдастықты басқару мен бақылаудың жаңа жолдарын қалай енгізуге болады? (моделін жасау)
2. Кәсіби қоғамдастық жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары (жоспарын ұсыну);
3. «Іс-әрекеттегі зерттеуді» қалай жүргізуге болады? ( кезеңдерін жазу)
Топтық жұмыста мектеп басшылары мектепішілік кәсіби қоғамдастық жұмыстарына басқару мен бақылаудың моделін жасады. Мектептегі кәсіби және желілік қоғамдастық жұмысының тиімді жолдарын жоспарлады. Сонымен қатар «Іс-әрекетті зерттеу» бойынша мынандай қорытындылар жасады:
1. Бірлескен зерттеу топтарын құру;
2. Бірлескен іс-шаралар, кездесулер;
3. Бірлескен оқыту семинарлары;
4. Бірлескен Лессон стади топтары;
5. Бірлескен тренингтер;
6. Бірлескен тәлімгерлік;
7. Бірлескен жұмыс топтары, жобалау, жоспарлау топтары.
«Галареяға саяхат» арқылы жасалған постерлермен танысып, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс жасалды.
№81 гимназияда да мектепішілік «Бастау» кәсіби қоғамдастығы құрылған. Атауы: «Бастау»

Кәсіби желілік қоғамдастықтың мақсаты: Мұғалімдердің арасында ынтымақтастық ортасын құру арқылы оқу мен оқытудағы жаңа идеялар мен тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасау, оқушылардың ХХI ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау.

Міндеттер:
• Lesson Stadu әдісі арқылы сабақты зерттеуді жүргізу арқылы ынтымақтастық ортасын құру;
• Коучингтер жүргізу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер туралы мұғалімдердің тәжірибесінің өзгеруіне ықпал жасау;
• Тәлімгерлік жасау арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамыту, әріптестерге қолдау көрсету;
• Қалалық семинарларды өткізу арқылы мектептер арасында тығыз желілік байланыс құру;
• Бірлесіп оқу күндерін өткізу арқылы кәсіби даму мүмкіндіктерін қарастыру.
• Халықаралық сауаттылық күнін өткізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
• Коучингтерден кейін мұғалімдер сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы сыныптарда өзгерістер енгізе алады;
• Lesson Stadu әдісі арқылы кедергілерді зерттеу арқылы оларды өз бетінше білім алуға ынталандырудың жаңаша жолдарын қарастыра алады;
• Өз әріптестеріне тәлімгерлік жасау арқылы тәлім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыта алады; 
• Қалалық семинар өткізу арқылы мектептер арасында өз тәжірибелерін таратуға мүмкіндік алады;
• Бірлесіп оқу күндерін өткізу арқылы кәсіби даму ортасын құра алады.
• халықаралық сауаттылық күнін өткізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.

Қатысатын мұғалімдер санаты: 1,2,3 деңгейлік курстан өткен мұғалімдер, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері 
«Бастау» кәсіби желілік қоғамдастығы арқылы келешекте атқарылатын іс-шаралар жоспары 3 бөлімнен тұрады: дайындық кезеңі, жүзеге асыру кезеңі, рефлексия кезеңі.
1. Кәсіби қоғамдастық құру жөніндегі қысқаша нұсқаулықта «бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады» [1.63.] деп атап көрсетеді. Олай болса, біріншіден «В контакте» парақшасында «Бастау» кәсіби қоғамдастығының арнайы тобы құрылады. Бұл кәсіби қоғамдастық жұмысының тез таралуына жәрдемдеседі. Мысалы: онлайн тәжірибе алмасу, пікірлер жазу, хат алысу, кеңес беру және сабақты зерттеу, тәлімгерлік, коучингтер бойынша суреттер мен бейнефильмдермен бөлісу. Атқарған жұмыстарды әлеуметтік желілерде жариялау басқа мектептердің біздің қоғамдастық жұмысына қызығушылығын тудырады.
2.«Тексерістер мен бастапқы іс-шаралардың да пайдасы бар. Олар неден бастау қажеттігін нақты тұжырымдап, кейін қандай жетістікке жететінімізді айқындауға көмектеседі.» [1.63.] Жоспардың дайындық кезеңінде басқару жүйесінің, ұйымдастырушылық қызмет жұмыстарын қадағалау, жауапкершіліктерін бөлу маңызды. Бұл іс-әрекеттер арқылы адамдардың уақытын тиімді пайдалануы, мақсат қоюда айқындылық, шынайылық, нақтылық, өлшемділік, уақыт талаптарын ескеруі, жұмыс жоспарын жүйелі жасай білуі анықталады. «Тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады.» [1.57.]
Сенімділік білдіру арқылы кәсіби қоғамдастық мүшелерінің шеберлік сыныптарын, семинарлар өткізуіне, басқа мектеп мұғалімдерін шақыру арқылы тәжірибесімен алмасуына мүмкіндіктер жасай аламыз. Бірлескен жұмыс нәтижелерін жинақтау арқылы алдағы жұмыс стратегияларын анықтауымызға мүмкіндік беріледі.
3.«Қоғамдастықтар үшін қатысушының пікірі бағаланатын іс-шаралар пайдалы болмақ. ...қоғамдастықта орнатқыңыз келетін мінез-құлық моделін құрыңыз», -деп кеңес береді. [1.63.]
Біздің де қоғамдастық жұмысының өзіндік құндылықтары болады. Біріншіден, әріптестер арасындағы жұмыс сенімділікке негізделеді. Мұғалімдерге коучинг өткізу барысында қушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас, мектеп, сынып, ұғалім мәдениеті мәселелеріне басты назар аударылады. «Лессон стади» сабақты зерттеуді оқу мен оқыту үрдісінде қолдану арқылы пән мұғалімдері арасында тығыз ынтымақтастық орнайды.
4.«Қатысушылардың кәсіптік даму мен оқу туралы пікір білдіруін қолдап, марапаттаңыз, коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандырыңыз...ресурстарды бөлу және қоғамдастыққа қатысуға шақыру анағұрлым жеңіл болады» делінген. [1.63.] Рефлексия кезеңінде «Лессон стади» сабақты зерттеу тобының педагогикалық кеңесте тәжірибесін тарату, коучтер тиімді коучинг өткізудің тәжірибесімен бөлісу, қатысқан сабақтар бойынша кері байланыспен таныстыру, оқушылардың мотивациясының қаншалықты артқаны жөнінде рефлексивті есеп жазу, тәлім алушы есебі мен тәлімгердің есебін тыңдау, яғни барлық жоспарланған жұмыстың нәтижесімен бөлісуді жүзеге асырамыз. 1-қалалық оқу конференциясын өткізу арқылы бірнеше секцияларда басқа серіктестеріміз зерттеу топтарының тәжірибелерімен танысады. Бұл қатысушылардың кәсіптік дамуы мен оқу туралы пікір білдіруін қолдау болып табылады. Коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандыру мақсатында марапаттау жүргізіледі. Мысалы, «Үздік зерттеуші топ», «Үздік тәлім алушы», «Үздік коуч», «Үздік мұғалім». 
«Желілер біздің мектептердегі жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді» [1.53.]
Біздің жоспарлап отырған желілік қауымдастықтың келешекте атқарылатын жұмысында іс-шаралардан күтілетін нәтиже де осындай болады деп ойлаймын.

«Өткенге қарап, болашаққа болжау» (айна, дүрбі, микроскоп) әдісі бойынша рефлексия жасалды. Семинардың екінші кезеңінде барлығы 9 сабақ көрсетілді.













Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"