Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жас мамандарға арналған семинар

23 қыркүйек күні №81 гимназияда жас мамандарға арналған " Жас келсе іске " деген

тақырыпта семинар өтті . Семинар барысында гимназия псиxологы Шолпан Омарова

псиxологиялық жаттығулар жүргізіп , сауалнамалар алды. Әдіскер ретінде 2 -бөлімін өзім

жүргіздім. Жас маман үшін кәсіби өсу ең алдымен , сабақтан басталатыны белгілі емес пе ?

Құрметті тәжірибелі ұстаздар ! Сіздер де ең алғаш мектепке мұғалім болып келгендегі

алғашқы өткізген сабағыңызды есіңізге түсіріп көріңізші !! Сіз мықты маман болу үшін сабақ

беру барысында талай сәтсіздіктер мен сәттіліктер болған жоқ па? Олай болса, қазақтың

тұңғыш псиxологы Ж. Аймауытов "Сабақ - үйреншікті жай нәрсе ғана емес, жаңаны жаңадан

табатын өнер..." деп тегін айтпаса керек . Сондықтан жас маманға берер алғашқы кеңесіміздің

бірі сабақ әлеміне қызығушылығын оятып ,өнер әлеміне енуіне жағдай жасау. Сонымен бірге

жас мамандардың А. Құнанбаевтың 32 қара сөзінде айтылған ғылымға талаптанушыларға білу

керек 6 кеңесін жатқа білгені де абзал деп ойлаймын . "Балам дейтін жұртым болмаса ,

жұртым дейтін бала қайдан болсын " деген ұлт жанашыры А. Байтұрсынов сөзін жас

маманның тәлімгері мен мектеп ұжымы әрдайым басшылыққа алса нұр үстіне нұр болар еді .

Былтырғы оқу жылында 48 мектеп - лицейде "жас мамандар" мектебінің жұмысын жүйелі

ұйымдастыру нәтижесінде 7 ай ішінде Серғазы деген жас маманымыз республикалық жас

мамандар сайысында 2 орынды иеленген еді . Мектепішілік өткізілген "Үздік жас маман"

байқауы арқылы 10 жас маманды әр қырынан тереңірек танып , оларға деген қамқорлығымыз

мен ризашылығымыз он есе арта түсіп еді. Биылғы оқу жылында әрбір мектепке келген жас

мамандардан да нәтижелі кәсіби өрлеу тілеймін. 2013 жылы Астана қаласы Білім

басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Менің кәсіби шеберлігім» атты эсселер сайысының

үздік жұмыстарына енген.

Менің кәсіби шеберлігім

Жақында бір оқушының әдебиет сабағында көңіл күйінің жоқтығы мені қатты ойландырды,

үнемі жайдары болып жүретін қыздың, көзі ашық болғанымен, көңіл терезесінің жабық екенін

көріп, жан-жүнием құлазыды. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларын талдау барысында «Ақлимаға»

жыр шумақтарын арнапты. Әкелер бейнесімен салыстыру кезіндегі талдауда оның көзіне жас

алғанын байқадым.

Жас тұнған шәкірт көзінде,

Бір діріл бар сөзінде.

Ойлана қарап, толғандым.

Кез болдың екен сонша ма,

Тағдырдың қандай тезіне? - деген жыр шумақтары жүрегімнен төгіліп, маза бермеді, көз

алдымнан бейнесі бір сәт те кетпеді, тез жүздескім келді...

Мен Абайдың қарасөздері мен Әл-Фараби идеяларынан, Шәкәрімнің философиясы мен

Мағжанның педагогикасынан және Жүсіпбектің психологиясынан сусындаған қарапайым қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін, әрі әдіскер ұстазбын.

Менің күнделікті педагог ретіндегі іс- әрекетім – балалардың жан – дүниесіндегі өзгерістер мен

психологиялық көңіл күйлеріне әсер етіп, сабақта жайлы орта құруға жәрдем беру болса, ал

мұғалімдермен жұмыстағы басты бағытым - олардың бойындағы өзгерістер мен кәсіби

дамуды зерттеу.

«Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен,... өзгелерінің бәрі жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген Абай сөзін жадыма сақтасам, бірде

«Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек»,

бойына туа біткен он екі қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастырған адам ғана

нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады,- деген Әл-Фараби кеңесіне құлақ асамын.

Менің ұстаз ретіндегі кәсіби ерекшелігім - жаңалыққа жанымның құмар болуы, өз білгенімді

өзгемен бөлісе алуым, тез шешім қабылдай алуым, сыни ойлай алуым, зерттеуші әрі

бақылаушы, өзгені өзгерте алатын жан бола алуымда болса, ал жақсы қасиеттерім- балаларға

деген үлкен сүйіспенішілік сезімім, сабақ жүргізудегі ерекшелігім, яғни, көркем шығармаларды

өмір қажеттілігіне сай оқытуым, талдату арқылы оқушылардың сыни ойлауының дамуына әсер

етуім және эссе жазуға үйретуім. «Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де

мейірленеді, тезірек қолга түседі» деген Абай философиясын ұстанған Еңлік, Ғайни, Назгүл,

Әйгерім сынды табиғаты бөлек оқушыларымның әдебиеттегі жетістіктері, ойлы сұрақтары мен

терең ізденістері жанға қуат береді. Биылғы жылы Еңліктің республикалық «Жарқын болашақ»

сайысының жазушылар бөлімінде І орынды, қалалық олипиадада ІІІ орынды иеленуі де мені

аса қуантты.

Білім берудің философиясы мен мазмұнының өзгеруіне байланысты мұғалімге қойылатын

талап та өзгерді. Енді мұғалім үздіксіз іздену мен зерттеу арқылы өзін-өзі дамытуға мәжбүр.

Ал, ғылыми-әдістемелік жетекші ретінде екінші қызметім- мұғалімнің кәсіби өсуіне әсер ететін

орта құру. «Сыни ойлауды дамыту» жобасының республикалық әдіскері ретінде де қаншама

мұғалімдердің кәсіби өсуіне жәрдемдестім, өзім де үйрете жүріп, үйрендім.

Әдістемелік жұмысымда, алдымен, мұғалімнің қай жерден қиындық көретінін анықтау

мақсатында сауалнама аламын. Зерттеу арқылы әр мұғалімге диагностикалық карта

жасаймын. Содан кейін барып, қиындық тудыратын тақырыптарына дамыту семинарларын,

тренинтер өткіземін. Дамыту семинарлары жаңашыл формада, топтық жұмыстар түрінде

өткізіледі. Бұл жұмыстардың ерекшелігі - жеке, жұппен, топпен ақылдаса келе, өз ойларын

ортаға салып, мәселені шешуге ұмтылады. Әрбір дамыту семинарынан кейінгі ойларын, кері

әсер парағына жазған ұсыныс, тілектерін оқи отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейінің

қаншалықты өскенін байқаймын. Осындай жүргізілген жұмыстар мұғалімнің қоғам өміріндегі

өзгерістер мен ақпараттарды меңгеруге ынталы болуына, кәсіби біліктілігін талап етумен

емес, саналы түрде өзі таңдаған тақырыбымен жоспар бойынша дамыта алуына, жаңаша

оқыту философиясы мен мазмұнын үздіксіз әрекет ету арқылы дамытып, шығармашылық

әлеуетін жүзеге асыруына көмектеседі.

Осындай тынбай ізденіс пен үздіксіз еңбектену менің ұжымымдағы мұғалімдердің

шығармашылығына өз жемісін берді. Солардың бір қатарын айта кету артық етпес: айталық,

мұғалімдердің қалалық, республикалық басылым беттерінде мақалаларының үздіксіз

жариялануы, қалалық, республикалық, халықаралық конференциялар мен семинарларға

үнемі қатысып, тәжірибе алмасуы, қалалық педагогикалық конкурстар мен оқуларда жүлделі

орындардан көріне білуі, мектепке шақырылған шетелдік, қазақстандық ғалымдардың дамыту

семинарларына белсенділік танытуы, «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық

конкурсына да жүйелі қатысу нәтижесінде 2 педагогтың жүлделі орындардан көрінуі менің

ұжымымның іскерлік қуатының дәлелі.

«Білімдіден не пайда, Білгенін көпке айтпаса, Үйреткеннен не пайда, Қайырымы қайтпаса»,-

деген А.Байтұрсынұлының ұстанымын ұран етіп, ұлы ұстаздық жолда көш бастап келемін.

Олай болса, менің кәсіби ерекшелігімдегі ең маңыздысы - үздіксіз еңбек пен әрекет.





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"