2016 жылдың 4-қазан күні арнайы Астана қаласы ӘШЖҚ МКК «№3 қалалық емханасымен» мектебіміздің бірлескен жоспары негізінде арнайы алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Т.Т.Алимбаева 4-сыныптар арасында «Мектеп оқушысы қалай тамақтану керек?» тақырыбында түсіндіру сабағын жүргізді.
Түсіндіру сабағында «Балалар қалай тамақтану керек?», «Дұрыс тамақтанудың жолдары, оның ағзаға әсері қандай?»-деген сауалдарға оқушылармен бірге жауаптар іздестіріп, бейне баяндар көрсетіліп балаларға ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларын айтты.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану екендігін оқушылар тереңнен ұғынды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"