Жылдағы дәстүр бойынша 3 «В» сынып оқушылары,жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбылқызы мектеп кітапханашысы Махшар Айжанмен бірлесе қалалық балалар кітапханасында «Кітап- алтын қазына» атты тағылым сағатын өткізді. Оқушыларды ерекше ықыласпен қарсы алып, сұрақ-жауап, кеңес, ой шақыру әдістерін жүргізді. 2-кезеңдегі тағылым сағаты өте әсерлі болды.Оқушыларға ең әсерлі болғаны электронды кітаптармен жұмыс болды.Оқушылар көркем әдебиеттермен, нақыл сөздермен, мақал-мәтелдермен танысты. Ахметкалиева М.Ж. және Махшар Айжан оқушылармен ой толғаныс, ой қозғау, мағынаны ажырату бөлімдерін өткізген соң тағылым сағатын қорытындылады. Әшірбай Мирас,Асан Мейіржан, Серік Ақмырза,Шантаева Меруерт сияқты оқушылар өздерінің терең білімдерін көрсетті.Игілікті істер өз жалғасын таба береді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"