«Мемлекеттік тіл білгірі» байқауы
Колледжде 2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Тіл - тәуелсіздік тұтқасы» атты «Гуманитарлық пәндер» ПЦК аясында колледж қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік тіл білгірі» атты байқау өтті. Оған әр ПЦК екі өкілден тұратын топ қатысты. Байқау қатысушылардың өзін таныстыруы, қос тіл – қос қанатың, қөңілі ояу, көзі ашық, сөз тапқанға қолқа жоқ, әріптеске бір тілек сияқты 5 кезеңнен тұрды.
Байқаудың мақсаты: ұлттық дәстүрді паш ете отырып, өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізді оқып-үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» ПЦК иеленсе, 2 орынды «Туризм» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» ПЦК өзара бөлісті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии