Қазақстан халқының тәуелсіздік шежіресі
2016 жылдың қыркүйек айының 29-да білім ордамызда елдігіміздің нышаны тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінен 1 ОПп-216 тобы, «Туризм және бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімінен 1 ОГХ-216 тобы қатысты.
Аталған сайыстардан студенттеріміз сүрінбей өтіп, білім деңгейлерін, шығармашылық қабілеттерін шеберлікпен көрсетті. Бұл шарада білім алушылардың тек білімі ғана тексеріліп қоймай, тәуелсіздікке жету жолындағы ұмытылмас тарихтан сыр шертілді. Тағылымы мол, берері көп, ақпаратқа толы бұл сайыс көрермендердің де сайыс қатысушыларының да көңілінен шықты. Біз өз кезегімізден ұйымдастырушы оқытушыларымыз Усманова Г.К. мен Хасенова А.Б. алғысымызды білдіреміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии