Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде - қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы не заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру - ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесін осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен - мұғалім. Ендеше, мұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Олай болса, әріптестерім, сіздерді осынау мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Сіздер осы жылдарда заман талабына сай білім берудің жаңа жүйесін құрдыңыздар. Қазіргі заманда сіздер беріп отырған білім деңгейі жоғары, жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін тұлғаларды тәрбиелеуде еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте қажырлы қайрат тілеймін.
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Дарынды балаларға арналған
№9 «Зерде» мектебі директоры: А.С.Сексенова
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"