Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сырбай ата – мақтанышым

2016 жылдың 17 қыркүйегінде қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сырбай Мәуленовтың туғанына 94 жыл толды. Осыған орай Астана қаласының № 37 орта мектебінде жазушының шығармашылығына арналған апталық өтті, себебі мектепке Сырбай Мәуленовтың аты берілген.  Алматы қаласында жазушының атымен аталған көше бар, «Сырбай Мәуленов қоры» ашылған.

Сынып жетекшісі Балабекова Айман Темиркеевнаның бастамасымен 4 «Д» сынып оқушылары мектеп кітапханасында «Сырбай ата – мақтанышым» атты сынып сағатын өткізді. Шараны кіріспе сөзімен мектеп кітапханашысы Оразбаева Бағдат Каиржановна ашты. Ол оқушыларды жазушының шығармашылығымен таныстырды. Балалар Сырбай Мәуленовтың өлеңдерін оқыды, оның басқа да әңгімелері мен өлеңдерінен хабардар болды.  Жазушы өте сезімтал жан еді, балаларына деген сүйіспеншілігін «У меня – семь детей...» өлеңінде байқауға болады. С.Мәуленовтың шығармаларына майдандық достары, туған жерге деген сүйіспеншілігі, мейірімділік сезімі арқау болған.  Ол орыстың ақын-жазушылары Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Есенин, Ломоносовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Сырбай Мәуленов ұлтжанды азамат еді, өз Отанына, оның табиғатына, халқына сезімі ерекше болатын.

Сабақты қорытындылай келе оқушылар С.Мәуленов туралы эссе жазды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"