Меню KDT

Новости

Главная Новости

50 жылдық мерейтойына арналған «Ашық есік күні»

       2016 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында  Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп—гимназиясына 50 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара өтті. Мектеп ұжымының жауаптылығымен мерекеге деген қызу дайындық бірнеше күнге созылды. Негізі іс-шара мектепте ұйымдастырылған «Ашық есік күні» көрмесінен бастау алған. Шақырылған қонақтарымыз, ардагерлеріміз 50 жылдың ішіндегі мектептің өмірімен оның тарихымен сусындалды. Мерекелік іс-шара аяқталған соң, қонақтар мектеп ішін аралап, балалыққа саяхат жасап қайтты, сәлден соң қонақтарымызды Ғафу Қайырбеков атындағы мұражайға шақырып, мектеп тынысы жайлы хабардар алды. Олар қонақтар сүйікті мектептеріне деген ыстық сезімдерін, жылы-жылы лебіздерін жеткізумен болды. Ардагер ұстаздар мектеп жанында өткізген әрбір ұстаздық күндерін есіне алды.
  Мектеп бітірушілері қонақтар мен ардагерлер үшін ұйымдастырылған сынып сағаттары күтпеген жерден болды. 11 а, 11ә, 11б сынып оқушылары асқан жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен дайындаған сынып сағаттарын көрсетті, олар: концерттік нөмірлер, интерактивті ойындар, тілектер және кішігірім естелік сыйлықтары ұсынылды. Сынып сағаттары қызықты өткені соншалықты, қонақтарымыз оқушылармен бірге ойнап, сурет салып бір команда болып ат салысты. Бұл өмірдегі ең бақытты кезең, ол - мектеп өмірі, өйткені  партада отырып, қол көтеріп тақтаға шығу балалық шақтың қайталанбас сәттерінің бірі. Осындай шаққа бір сәтке болса да қонақтарымыз оралуға мүмкіндік алды.

      


       


        


Сынып сағаттары аяқталған соң қонақтар акт залына шақырылды, онда оқушылар мен кәсіпқой әртістердің («Наз» би тобы, әнші Бахтияр Омаров және Астан қаласының Өнер университетінің тарландары) қатысуымен дайындаған тамаша концерттік бағдарламаға тәнті болды. «Балалық» атты көңілді биімен 1«Д» сынып оқушылары мерекелік сезімді одан әрі жандандырып жіберді. Оқушылардың аспанға ұшырған шарлары үлкендердің балалық шағы осылай ұшып кететінін көрсетіп жеткізді. Сонымен қатар, мектептің өткені мен бүгінгі өмірі жайлы слайдтық презентация да көрсетілді. Мерекеде мектепте 30 жыл еңбегі сіңген, педагогика ғылымдарының кандидаты Писаренко Н.В; мектеп директорлары Шаймерденов Г.М., Темирбаева А.У., Астана қаласынынң Білім Басқармасынан қонақтар, сонымен бірге қалалық кәсіподақ председателі Наурызбаева Б.М. сөз берілді. Жылы естеліктерге шек болмады, себебі, ардагер ұстаздар үшін 50 жыл ішінде екінші үйлеріне айналып кеткен №2 мектеп-гимназиясына деген сағынышын жеткізумен болды, тіпті толқып көздеріне жас алды. Мереке соңында мектеп тарихы жайлы журнал мен гүл шоқтары сыйға тартылды. Ардагер ұстаздар мен келген қонақтар мектеп ұжымына, оқушыларға рахмет айтып, жылы-жылы лебіздерін жеткізумен болды. Мектептің 50 жылдық мерейтойына арналған «Ашық есік күні» қонақтар мен мерекеге қатысушылардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз..




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"