Таяуда жалпы қалалық сенбілік аясында мектеп ауласы мен мектепке жақын орналасқан жерлерді тазалау жұмыстары өтті. Мектеп мұғалімдері мен шаруашылық жұмыскерлері және 5-11 сынып оқушылары қатысты. Сенбілікте қураған жапырақтар мен қоқыстар тазартылып, әр сынып өз кабинетіне тазалау жұмыстарын жүргізді.