Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Ана тілің-арың бұл"



Астана қаласындағы білім ордасында Тіл мерекесі фестивалына арналған» Ана тілің-арың бұл» атты сынып сағаты өтті. Мерекелік іс-шараға алтыншы сынып оқушылары жақсы дайындықпен келді.Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге,ана тілін ардақтауға,өз тілін құрметтеуге тигізетін үлесі зор болды.Әдемі ән де,мағынасы мен мәні келіскен керемет тақпақтар да оқушылар мен қонақтар көңілінен шықты.Үш тілде айтып шыққан арынды тақпақтар тілге деген құрметті айшықтап тұрғандай.Ғасырдан ғасырға,ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой деген ой,көзқарас барлық жүректен орын алды десек болады.Қонақтар қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Әсемова Р.С.,Нұр Отан партиясы өкілі Идрисова С.Қ.,кәсіподақ ұйымы өкілі Дощанова Р.З. қатысып ,әдемі кештің әндері мен балалардың сұрақ-жауаптарына қанық болып,өз ризашылықтарын білдірді.Кешті Бақытжан Қадыржанның орындауында «Қазақстаным»әнімен аяқтап,ана тіліміздің мәртебесі биік болсын деген ақ жарма тілектермен қош айтыстық.Болашақта тіл мерекесін үлкен көлемде өткізіп,ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет екендігін әр оқушыға жеткізе алуымыз керек.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"